Павлодарда RBK банк филиалының басшысы өлі табылды

49 жастағы әйелдің аталған қаржы ұйымының бөлімін басқарғаны туралы ақпаратты банк ресми түрде растады. Қазір өлімге қатысты іс тергеліп жатыр. Тергеу мәліметінше, әйел сегізінші қабаттағы балконнан секірген. Қылмыстық кодекстің 105-бабы “өзіне қол салуға жеткізу”бойынша іс қозғалды,- деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сараптама тағайындалды. Аталған бабтың санкциясы үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.