Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті. А.Жұбанов көшесі Б.Момышұлы даңғылынан қала шекарасына дейін бес шақырымға ұзартылатын болады. Қазір жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. «Жобаға жаяу жүргіншілер, велосипед және төрт жолақты жол кіреді. Сатып алатын жер телімдерінің саны жоба дайын болғанан кейін белгілі болады», – деді басқармадағылар. Басқарма басшысы Ғани Мұрзахановтың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама келер жылдың шілде айында аяқталады. Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады.