Елімізде 20 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет синоптиктері 16-18 қараша арналған болжамы бойынша, атлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік облыстарда қар, тұман, көктайғақ, боранды жел болады. “Солтүстік-батыста 12-17 градусқа дейін аяз болады. Солтүстікте, орталықта ауа температурасы 13-20 градусқа дейін төмендейді. Шығыста 6-18 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде 5-13 градусқа дейін аяз болады”, – делінген хабарламада.