Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған факт бойынша Алматы полиция департаменті қылмыстық кодекстің 426-бабы бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр делінген хабарламада. Оқиғаның себебі мен мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижесі бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданады. Қосымша ақпар, ЛА-155/18 мекемесінен қашып кеткен сотталушы Давудов былтыр 17 мамырда қамауға алынып, қарашада ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған.