OLIMPKZ букмекерлік кеңсесінің мүлкі тәркіленді

Сот осындай үкім шығарды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады. Сот актісімен тәркіленген 3,6 миллиард теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік мемлекет кірісіне айналдырылды. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді. Букмекерлік кеңсенің басшылары заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған.