Алматыдағы Абай даңғылының құрылысы келер жылы аяқталады. Мердігер ұйымның өкілі Ерік Абдуғаппаров осылай деді. Қазіргі уақытта жолдың тек төрттен бір бөлігі ғана пайдалануға берілген. Жол құрылысының жұмысы тағы кейінге шегерілді. Оған жол бойындағы учаскелерді алып тастау процесінің созылуы себеп.
Жалпы 194 учаскені сатып алу керек, бірақ олардың 66-сы әлі жұмысты жалғастыруға мүмкіндік бермей отырса керек. Қала шекарасына жол салу жобасы үш жыл бұрын басталған еді. Қазіргі уақытта жұмыс істей алатын жерлерде ғана жол құрылысы жүріп жатыр.