Алматыда қазақстандықтарды 6 млрд теңгеге алдап соққан қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бостандық аудандық сотының үкімімен QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасын құрған 16 адам кінәлі деп танылды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасса, өңірлерде 12 филиалы жұмыс істеген. Айыпталушылар AMAZON бүкіләлемдік алаңында сауда жасаймыз деген желеумен азаматтардан ақша тартқан. Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде еткен. Нәтижесінде 1345 адам алданып қалған. Сот үкімімен 16 азамат кінәлі деп танылып, олардың 15-і қауіпсіздік мекемелерінде 6 жыл 2 айдан және 6 жыл 8 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.