Алматыдағы ІІМ академиясында 19 жастағы Саламат Өтегенов асүй қоймасында асылып қалған күйі табылды. Оның денесі Оралға жеткізіліп, жерленді, – деп хабарлайды “Уральская неделя”. Анасының айтуынша, Саламат бірінші курстан бастап ата-анасынан ақша сұрай бастаған. Өлімі алдында ол ағасынан ақша жіберуді сұраған. “Бұл дерек бойынша Алматы қаласы ПД сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қызметтік тергеу барысында Академия қызметкерлері мен курсанттары тарапынан заңсыз іс-әрекеттер анықталған жоқ”, – деді академия өкілдері.