Нью-Йорк Британиямен әуе қатынасын тоқтатты

Нью-Йорк Британиямен әуе қатынасын тоқтатты. Мұндай шешімге вирустың жаңа штамы табылған Корольдіктегі ахуал себеп деп хабарлайды 24.kz. Жалпы осы елден Нью-Йоркке күніне мыңдаған жолаушы келеді. Енді тікелей рейс жасайтын 3 әуе компания жолаушыларынан тест алуы тиіс. Әзірше бұған бір ғана компания келісіп отыр.