Алматыдағы беделді мектептердің бірінде жеті жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Комитет бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
“Жағдай комитет пен құқық қорғау органдарының бақылауында. Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы зардап шеккен баланың анасымен және халықаралық мектеп басшылығымен байланыста. Отбасына көмек көрсетілді”, – делінген хабарламада.
Комитет сонымен қатар БАҚ өкілдері мен блогерлерге бұл оқиға туралы ақпаратқа мұқият қарауды сұрады.
“Жариялаған ақпараттарыңызға барынша жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймыз. Біз үшін бала туралы деректердің құпиялылығын сақтау және оны қоғамда таратпау маңызды. Бұл – баланы және оның отбасын тыныштығы мен қорғауды қамтамасыз ете алатын жалғыз әдіс”, – деп шақырды комитет.
Еске салсақ, Алматыдағы беделді мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланғанын хабарладық.