Шымкенттегі “гүл дауы”: тергеудің егжей-тегжейі белгілі болды

Шымкенттегі гүл дүкенінде келушінің гүл шоғын күштеп тартып алып, гүл сатушыны итеріп жіберген жанжалды оқиғаға қатысты тергеудің мән-жайын анықтады.

Кейін резонанс тудырған видео кейіпкері бұрынғы полицей екені белгілі болды. Шымкент прокуратурасының мәліметінше, бұл іс “Қарақшылық” бабы бойынша тергеліп жатыр.

“Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериалдарды талдау нәтижесінде Тұран ауданы ПБ-да бұл факт бойынша ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша соталды тергеу басталды және Шымкент Полиция департаментіне берілді.