Алматыда қылмыскер “Серік-голова” 19 жылға сотталды. Осындай лақап атымен танылған Серік Жаманаев қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде 14 жыл отырады. Содан кейін жазасын 5 жыл толық қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сот қылмыскерге осындай үкім шығарды. Қоса кетсек, мемлекеттік айыптаушы Серік Жаманаевты Қылмыстық кодекстің “ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу”, “адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық”, “абайсызда адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” баптары бойынша кінәлі деп тануды сұраған.