Алматы “сары” аймақтан шықты

Алматы “сары” аймақтан шықты. Коронавирус таралу көрсеткіші бойынша мегаполис қазір “жасыл” аймаққа өтті. Алматыдан басқа “жасыл” аймақта Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары бар. Ал Қарағанды “жасыл” аймақтан “сары” аймаққа өтті. Бұл аймаққа БҚО және СҚО кірді. Ал “қызыл” аймақта Нұр-Сұлтан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Атырау облыстары бар.