Қажымұқан көшесінде болған оқиғаның видеосын куәгерлер әлеуметтік желіде таратты. Кадрлардан көліктің жартылай жерге кіріп кеткенін көруге болады. Көлік жүргізушісі жарақат алған. Алматының жедел медициналық жәрдем баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушісінің миы шайқалып ауруханаға түскен. “Оның миы зақымданған, кеудесі жаралы. Жағдайы орташа ауыр. № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді” деп хабарлады ведомство өкілдері. Алматы ТЖД мен полиция департаменті өкілдері оқиғаға кейінірек түсінік беретіндерін айтты.