Талғар ауруханасында хирург науқастың туысынан соққы жеді

Бұл туралы Талғар аудандық орталық ауруханасындағылар айтты. Оқиға ақпанның соңғы күнінде болған. Науқас жедел жәрдеммен ұлымен бірге келген. 58 жастағы әйелде соқырішек ауруының белгілері болып, кезекші хирург оған медициналық көмек көрсете бастаған. Ол медбикелерден сынақ алуды сұрап, нәтижесі дайын болғаннан кейін диагнозын келісу үшін гинекологты шақырған. Алайда науқастың ұлы шыдамсыздық танытып, хирургтың бетін жұдырықпен ұрды, – деді аурухананың баспасөз хатшысы Гүлжан Қойшыбаева. Оның айтуынша, шабуылдаушы салмағы 50 келі дәрігерден екі-үш есе үлкен болған. Оқиғадан кейін кезекші хирургтың миы шайқалған. “Беті ісіп, сол жағы қисайды. Жүрегі айнып, құсқан дәрігердің жағдайы орташа, жақсарып келеді. Ол қалпына келу үшін шамамен жеті күн керек”, – дейді дәрігерлер. Зардап шеккен 31 жастағы дәрігер ауруханада 2017 жылдан бері жұмыс істейді екен. Қазір бұл іс бойынша құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.