Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болғандар ұсталды. Алматы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатовтың хабарлауынша, күдіктілер жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сатып жатқан сәтте, қылмыс үстінде қолға түскен. “Бұл қылмыс кейінгі бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып келген. Қаскөйлердің негізгі мақсаты әлеуметтік жағынан осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді бала сатып алғысы келген адамдарға заңсыз жолмен беру болған”, – деп жазылған хабарламада. Сәби мемлекет қамқорлығына беріліп, тиісті мекемеге орналастырылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.