Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов осылай деп мәлімдеді. Ол қолданыстағы карантиндік талаптарда жаңажылдық ұжымдық кештерге тыйым салынбағанын, бірақ шектеулер болатынын, мекеме қызметкерлері Ashyq-та “жасыл” мәртебеге ие болуы керек екенін ескертті. Қатысушылар санына шектеулер Алматының қай “аймақта” (жасыл, сары, қызыл) орналасуына байланысты қойылады.