Келер жылы дәрігерлердің жалақысы тағы өседі

Ол үшін бюджеттен 361 млрд теңге қаржы бөлінеді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл президент жолдауында белгіленген тапсырма аясында жүзеге асырылады. Дерекке сүйенсек, биылдан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен. Соның ішінде дәрігерлердің жалақысы 30 процентке (246,1 мыңнан 319,9 мың теңгеге), орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 процентке (144,6 мыңнан 173,5 мың теңгеге) артқан. Вице-премьердің айтуынша, 2023 жылға қарай ақхалаттылардың жалақысын орташа жалақыға қатысты 2,5 есеге дейін ұлғайту жоспарланған. Ол үшін бюджеттен 557,4 млрд теңге бөлу көзделген.