Алматыда жарылыс болған техникалық қызмет көрсету станциясының ішінен түсірілген видео желіде пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған видеода ангар ішінде түгі қалмай жанып кеткен көліктердің төбесі көрінеді . Алдын ала мәліметтер бойынша, 9 көлік жанып кеткен.
Өрт 27 қазан күні түстен кейін болды. Ангар типтегі көліктерге қызмет көрсету станциясы өртке оранған. Ішінде тез жарылатын сұйықтық бар ыдыс болған. Сондай-ақ, жарылысқа дейін өрт сөндірушілер ангардан 2 газ баллонын алып шыққан.