Саша Барон Коэн “Борат” үшін неге Қазақстанды таңдағанын айтты

Британдық комик Саша Барон Коэн “Борат” және “Борат-2” фильмінде неге Қазақстан атын пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сценарий авторы мен атышулы фильмнің басты кейіпкерінің түсініктемесін The New York Times жариялады.

“Бұл – комедия, фильмдегі Қазақстан мен нақты елдің арасында ешқандай байланыс жоқ. Қазақстанды АҚШ-та ешкім білмейтін болған соң таңдадым. Соның арқасында ерсі, комедиялық, жалған әлемді көрсете алдық. Нағыз Қазақстан – заманауи, абыройлы қоғамы бар, Бораттың нұсқасына қарама-қайшы тамаша ел”, – деді Коэн редакцияға электронды пошта арқылы жолдаған хатында.