Алматыда жерасты дәріханасын ашқандар ұсталды. Опа-далап дүкені дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сатып келген. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Тергеу барысында мекемеде 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек пен жалпы сомасы 1 миллион 119 мың 200 теңгеге тең 100-ден астам ампула тәркіленді. Жалпы қалада дәрілік заттарды заңсыз саудалаған 11 факт анықталды.
Тінту кезінде жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеге тең COVID-19 инфекциясын анықтайтын 9000 экспресс-тест алынды. Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды. Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталып жатыр.
Барлық факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды деді Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.