Әйеліне 12 көлік сыйлаған шенеуніктің мәселесі тексеріледі

Әйеліне 12 көлік сыйлаған шенеуніктің мәселесі тексеріледі. Басы дауға қалған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Енді Денсаулық сақтау министрі қор басшысының қанша жалақы алатынын анықтайды. Бұдан бөлек қордың қаншалықты тиімді жұмыс істеп жатқаны да тексеріледі деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Негізі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аудиторлық тексерістер жыл сайын жүргізіліп, есебі денсаулық сақтау министрлігіне беріліп отырады екен. Айта кетейік, қор басышысы Айбатыр Жұмағұловтың әйелі әлеуметік желіде
осымен 12-ші рет сыйлыққа көлік алып жатқанын жариялаған.