Алматыда жылыту маусымы басталды. Жылу 28 қыркүйектен бастап беріледі. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгіннен бастап, жылу толық беріледі. Тұрғын үйлер осы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылады.