Алматыда өзіне қол жұмсаған тәрбиеші көп балалы ана болып шықты. Ratel.kz мәліметі бойынша, 28 желтоқсанда ол асылып қалған. Оның мәйіті жуынатын бөлмеден табылды. Денесінде зорлық белгілері жоқ. Артынан хат жазып қалдырмаған. Құқық қорғау органдары істі тергеп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бүлдіршіндерге қол көтерді деген күдікке ілінген тәрбиеші өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Қазіргі күні Жетісу аудандық порлиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы “Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұған дейін әлеуметтік желіде тәрбиеші болуы мүмкін әйелдің балабақшада балаларды ұрған сәті түсірілген видео тарады.