Қостанай облысында топ адам 161 млн теңге субсидияны жымқырған

Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешені саласында субсидия жымқырған. Бастапқыда демеуқаржы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жайылымды суару мақсатында инвестициялық шығынды өтеуге арналған. Жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысуымен бір топ адам 2018-2019 жылдар аралығында шаруаларды алдап, 161 млн теңгеден астам ақшаны қолды қылған. Қаржылық мониторинг жөніндегі Агенттік мамандары анықтағандай, күдіктілер күн панельдері кешенінің бағасын негізсіз өсіріп, шамамен екі еселенген құнын сұраған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.