Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы осылай деп мәлімдеді. Қар бүгін таңға дейін жауған. «Түнде коммуналдық қызметкерлер жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар септі. Қалада 8-10 сантиметр, тау бөктерінде – 16 сантиметрге дейін, таулы аудандарда – 21 сантиметрге дейін қар жауды. Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», – делінген хабарламада.