Шығыс Қазақстан облысында ер адам 12 жастағы қызды зорлады

Оқиға Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында болған. Бұл жайында елді мекеннің тұрғындары “НеМолчиKZ” қоғамдық қорына хат жазып хабарлаған. Хатта қыздың ішімдікке салынған әкесімен бірге тұратыны, ал анасы қайтыс болғаны айтылған. Үнемі мас әкесі үйіне неше түрлі еркектерді алып келеді екен. Ешкім тексермейді. Ауыл тұрғындары «педофил өз ісіне жауап берсін, ол бір күні тағы біреуді зорлайды», – деп осы хабарды таратуға, жариялауға көмектесуді сұраған. Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. “Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды”, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.