“Жер сілкінісі түнгі 23:17 шамасында болған. Жағдай тұрақты. “112” және “101” желілеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ. “Қазселденқорғау” мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда деформация, жарықтар пайда болған жоқ, – деп хабарлады ТЖД. Google іздеу жүйесі бойынша Алматы маңында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі туралы ақпарат шығады. “Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Магнитудасы 6.2. Алматыда 2-3 балл”, – делінген “СОМЭ” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі қызметкерлерінің хабарламасында.