Қазақстанда жабық жолдарда көлік жүргізгендерге жаза қолданылады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдарда көлік жүргізгендер 15 тәулікке қамалуы мүмкін. Бұған дейін адамдардың жабық тасжолға шығып кеткені үшін барлық жауапкершілік полицияда болатын. 2022 жылғы қазанда шыққан Үкімет қаулысына сәйкес, жүргізушілерді жолды жабу туралы ескертуді елемегені үшін және жолға шыққаны үшін жазалау міндеттелді. Айыппұл сомасы – 91 890 теңге. Бір жыл ішінде тағы бұзса – 15 күннен 20 тәулікке дейін қамауға алынады. Қамауға алынбайтындарға (мысалы, мүгедектерге) 50 АЕК, яғни 152 150 теңге көлемінде айыппұл салынады.