Құжатта балабақшалар мен мектептерде қосымша кезекші топтар ашуға да рұқсат жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».. Осыған қарамастан сауда ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық тамақтану орталықтары белгілі бір шектеу шеңберінде 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қаулы желтоқсанның 26-нан бастап күшіне енеді. Еске салсақ, Алматы қаласы індет таралуының жасыл деңгейінен сарыға өткен. Соңғы тәулікте шаһарда 90 адамнан коронавирустық инфекция белгілері анықталды.