Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты 4 өңірде ескерту жарияланды

“Қазгидромет” мәліметінше, 25 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болады. Ал 26 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде ауа температурасы 33 градусқа күрт төмендейді. Павлодар облысында 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүгінде 38 градус аяз болады, кей жерлерде 40 градус аяз болады.  Ақмола облысында 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүгінде 30 градус аяз болады. Сонымен қатар,  Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 градус дейін күрт төмендейді, аяз болады. Ал 27 желтоқсанда минус 42 градус болуы ықтимал, – деп хабарлайды Tengrinews.kz