“Алтын орда” базары маңындағы жол жыл соңына дейін аяқталады

“Алтын орда” базары маңындағы жол жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы “QazAvtoJol” ұлттық компаниясы хабарлады. Ал Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы 2024 жылы аяқталуы тиіс. Алайда құрылысқа жауаптылар уақытынан бұрын жүзеге асырып, 2023 жылы пайдалануға беруді көздеп отыр. Айналма жол Алматы қаласымен қатар, облыстың Қарасай, Іле және Талғар аудандарын байланыстырады. Қоса кетсек, Шамалғанда теміржол үстінен өтетін көпір құрылысы да биыл бітеді.