Бекшин коронавирустың төртінші толқыны туралы мәлімдеме жасады

Бекшин коронавирустың төртінші толқыны туралы мәлімдеме жасады. Ол қаладағы коронавирусқа байланысты жағдай күрделеніп бара жатқанын айтты. “Пандемия басталғалы Алматы үш толқыннан өтті. Төртінші толқын басталғандықтан қаладағы эпидахуал күрделеніп бара жатыр. Алдыңғы аптамен салыстырғанда кейінгі аптада жағдайлардың тіркелуі 1,4 есеге көбейді. Қазір бар күшімізді халықты вакциналауға салып жатырмыз”, – деді Бекшин. Оның айтуынша, тамызда төртінші толқын шарықтап, қыркүйектің басында ауру жұқтырғандар саны азаяды.