Бұл өзгеріс үнділік кәсіпкер Лакшми Миттал инвесторлар тізімінен шыққаннан кейін болады. Министр Қанат Шарлапаев үкіметтің “АрселорМиттал” компаниясымен ұзақ уақыт бойы келіссөз жүргізгенін айтты. “Біз 22 қазанда “АрселорМиттал” компаниясымен алдын ала құжаттарға қол қойдық. Қазір үкімет инвестор AMT акционерлерінен бас тартқаннан кейін оны Қазақстанда одан әрі сот процестерінен қорғау үшін жұмыс істеп жатыр. Компания аты да өзгереді. Бұл ретте зауыт қызметкерлерінің пікірін ескереміз”, – министр.