Мемлекет АМТ-ны ұстауға бюджет қаражатын жұмсамайды

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деді. Оның айтуынша, “АрселорМиттал Теміртау” компаниясы 2022 жылы 3 миллион доллардан астам кіріс алған. Бұл өзін-өзі қамтамасыз етуге, қаржы ағынын реттеуге жетеді.Бұл кәсіпорынды ұстауға мемлекет бюджетінен қаражат жұмсаудың қажеті жоқ дегенді білдіреді. Қанат Шарлапаев компания Қазақстанның меншігіне өткеннен кейін үкімет АМТ-ны ешбір шетел инвесторына беру мүмкіндігін қарастырмайды деді. Қоса кетейік, жалақы мен штат қысқармайды. Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыдағы Костенко шахтасында 28 қазанға қараған түні жарылыс болды. Шахтада болған 252 кеншінің 206-сы жер бетіне шықты. Қалған 46 жұмысшы қаза тапқан.