Қандастарға да жер сатылмауы әрі жалға берілмеуі мүмкін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдаған еді. Жаңа заң жобасына сәйкес, қандастар да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығымен иелене алмайды деп хабарлайды КТК арнасы. Сонымен қатар заң жобасында 2016 жылғы 1-ші шілдесіне дейін жалдау шарттарымен берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болса, ол көрсетілген мерзімге дейін жарамды. Одан әрі ұзартылмайды деп көрсетілген. Қандастарға жер телімін иемденетін бір ғана жағдай қарастырылған. Тек шаруа немесе шаруа қожалығын жүргізетін болса немесе ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қолға алса ғана. Ондай жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнайы жер қорынан, иммиграциялық жер қорынан және бос жерден уақытша ғана берілмек.