Тағы бір өңір “қызыл” аймаққа өтті

Коронавирус инфекцясының таралуы бойынша үш өңір “қызыл” аймақта орналасқан. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы “қызыл”, “сары” және “жасыл” аймақтар туралы ақпарат жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес “қызыл” аймаққа Батыс Қазақстан облысы кірді. 16 наурыздағы жағдай бойынша:
“Қызыл” аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы және Батыс Қазақстан облысы тұр.
“Сары” аймақта Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары.
Қалған өңірлер “жасыл” аймақта.