Apple және Google “Навальный” қосымшасын өшірді

Бұл туралы “Команда Навального” Telegram-арнасы мәлім етті. Қосымша бүгін таңертең өшірілген. Бұл күні Ресейде Мемлекеттік думаға, сондай-ақ аймақтық және муниципал билікке үш күндік дауыс беру басталған еді. Навальныйдың жақтастары ресейлік саясатты бақылайтындардың бәрін Google және Apple корпоративтік арналарына жағдай туралы өз пікірін жазуға шақырды.