Қостанайда вакцина туралы жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

Фото: medgis.ru

Ол WhatsApp желісінде «ата-ананың рұқсатынсыз 13 оқушыға екпе салынып, бір бала қайтыс болды» деген қауесет таратқан. Хабарламаны денсаулық сақтау басқармасы мен білім басқармасы бірден жоққа шығарды. Шұғыл іздестіру шарасы барысында Қостанай қаласының 38 жастағы тұрғыны анықталды. Қазір ол Ресейде жүр екен. Елге оралғаннан кейін оған қатысты тергеу амалдары жүргізілмек. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы айыпталғандар 3000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Тіпті үш жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.