Қапшағай курорты карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Санитарлық-курорттық нысандардың, демалыс үйлерінің, демалыс орындарының жұмысы 25 шілдеден 2 тамызға дейін тоқтатылсын. Демалыс орталығына кіреберіс жерде мобильді бекеттер орнатылсын”, – делінген Алматы облысы санитар дәрігерінің міндетін атқарушысының қаулысында.
Сонымен қатар, кеше, 22 шілдеде Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабылатыны хабарланған.