Алматыны қиын жағдайға дайындап жатыр – күздегі коронавирус

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирус инфекциясының тарауына байланысты қиын жағдайға дайындалатынын айттты , – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қала басшысы бүгінде Алматыда коронавирус пандемиясының дамуының бірнеше нұсқасы қарастырылып жатқанын айтты.

“Күзде жағдай қандай болатынын ойланып отырмыз. Оптимистік те, пессимистік те болжамдар бар. Бірақ біз екіншісіне, яғни, қиын жағдайға дайындаламыз. Ол үшін қажет дәрі, жеке қорғаныш заттарының санын есептеу керек. Қажет жағдайда қосымша қаржы бөлеміз”, – дейді қала басшысы.