Қапшағай су қоймасына ыстық демалыс күні көптеген демалушы келгендіктен, қараусыз қалған балалар жоғала бастады. Балалардың жоғалғаны туралы хабарлама Алматы облысының ТЖД-не 2021 жылғы 25 шілдеде сағат 15.00-ден кейін түсе бастады, соңғысы кешкі сағат 19.00-ге жақын жоғалып кетті. Оқиғалар халық көп жиналатын жерлерде, Қапшағай су қоймасының оңтүстік және солтүстік жағалауында болды. Адасқан балалар 5 пен 10 жас аралығында болды. Ата-аналарға балаларды іздеу бойынша көмекке Қапшағай өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатарынан патрульдік топтар және Қапшағай қаласының ТЖ бөлімінің жедел тобы қосылды. Барлық балалар аман-есен жағалаудан табылды, кейбіреулері ата-аналарымен, кейбіреулері құтқарушылармен табылды. Балалардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес еді. Алматы облысының ТЖД жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін азаматтардан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды.