Түркістан облысында медициналық құжаттарды қолдан жасаған үш тұрғын ұсталды

Түркістан облысында медициналық құжаттарды қолдан жасаған үш тұрғын ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. ІІМ коронавирустық инфекциямен байланысты құжаттарды қолдан жасау және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша ауқымды жұмысты жалғастыруда. ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы медициналық құжаттарды қолдан жасаумен және сатумен айналысқан Түркістан облысының үш тұрғыны қызметінің жолын кесті. Тергеушілер Сарыағаш аудандық ауруханасы медбикесінің заңсыз әрекетін анықтады. Ол COVID-19-ың таралуына жол бермеуге байланысты санитариялық-эпидемиологиялық режимді күшейту жөніндегі шараларды бұза отырып, Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасынан өтуге негіз болып табылатын медициналық құжаттарды қолдан жасап, сатқан.