БАҚ өкілдері министрдің отбасы азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын сұрады. “Біз отбасымызбен азық-түлікке аптасына орташа есеппен 50-70 мың жұмсаймыз. Бұл қалыпты жағдай. Мұның бәрі қандай да бір отбасылық мереке немесе басқа жайттың болуына байланысты. Біз де адамбыз, кәдімгі дүкенге барамыз”, – деді Алексей Цой. Бұл ретте ол отбасында 5 адам бар екенін атап өтті. Айта кетейік, осыған дейін бұл сұраққа энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берген болатын. “Біз айына шамамен 200 мың теңге жұмсаймыз”, – деген еді ол. Оған қоса, БАҚ өкілдері Көлгіновтен елорда әкімі айына қанша табыс табатынын және азық-түлікке қанша теңге жұмсайтынын сұрады.