Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

Мамандардың дерегінше, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі жауын-шашынсыз ауа райын алып келетін, кең антициклонның ықпалында болады. Осылайша түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 аязға дейін төмендейді деп күтіліп отыр. Ал еліміздің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан циклон әсер ете бастайды. Синоптиктер бұл кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығыс бағыттарына қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің 15-25 м/с күшеюін алып келетінін жеткізді.