Ол ластанған қалалар рейтингінде 23-ші орында тұр. Әлемдік IQAir порталының деректері бойынша, Қарағандының ластану индексі 77,8 деңгейінде. Осыдан екі жыл бұрын қалада бұл көрсеткіш төмен болған. Ластану индексі 97,4 болатын Пәкістанның Лахор қаласы бірінші орында тұр. Екінші орынға ластану индексі 94,3 болатын қытайлық Хотан жайғасты. Рейтингкетегі үштікке Үндістанның Бхивади қаласы 92,7 индексімен кірді. IQAir порталының мәліметінше, былтыр Қазақстандағы ең таза қала Жамбыл облысының Шу қаласы болған.