Қазақстандықтарға Ресей азаматтығын алу жеңілдетілуі мүмкін

Ресей Мемлекеттік Дума депутаттары “Азаматтық туралы” заңға түзетулер енгізуді ұсынды. Заң жобасының бірінші оқылымда қабылданған нұсқасында мұндай құқық тек Ресей президентінің жарлығы арқылы беріледі, деп хабарлайды РИА Новости. Түзету Ресей аумағында тұрақты тұратын Беларусь, Қазақстан, Молдова және Украина азаматтарының, яғни тұруға рұқсат алғандардың қолданыстағы заңда көзделген құқығын қалпына келтіреді. Заң жобасы 20-дан астам санаттағы тұлғаларға Ресей азаматтығына қабылданған кезде қойылатын талаптардың санын қысқартуды, сонымен қатар Ресей президентінің азаматтықты оңай алуға құқығы бар адамдардың санатын анықтау бойынша өкілеттігін кеңейтуді көздейді.