Қарағанды облысында кинотеатрлар жұмыс істейтін болады

Қарағанды облысында кинотеатрлар жұмыс істейтін болады. Кинотеатрларға келушілер алдын ала тіркелуі тиіс деп хабарлайды 24.kz. Сайтта 50 адам ғана тіркеле алады. Ал залдың сыйымдылығы 30%-тен аспауы керек. Маска тағу міндет. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау мақсатында залда көрермен шахматтық тәртіппен отырғызылады. Өңірде карантиндік шаралар жеңілдетілді. Осыдан бұрын карантинге жабылған Бұқар жырау ауданының Центральное елді мекеніне енді кіріп-шығуға болады.