Құтқарушылар қолайсыз ауа райының салдарын жоюды жалғастырып жатыр. Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында дауылды жел соқты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. “Қарашаның 18-19-ы аймақта қатты желдің салдарынан 114 тұрғын үй мен әртүрлі ғимараттың шатыры мен қабырға қаптамасына зақым келді. Қираған шатырлардың жалпы ауданы 18 947 шаршы метр. Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы және Шет аудандарының аумағында электр энергиясы ішінара сөніп қалды”, – деді ТЖ департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов. Қазір елді мекендердің басым бөлігі электр энергиясына қосылды.