Министрлік газдың бағасын жыл сайын көтеріп отыруды жоспарлап отыр

Келер жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған газдың бір литрі 5 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты. “Баға бірден көтерілмейді. Оны жарты жыл сайын өсіріп отыруды жоспарлап отырмыз. Ал үш-төрт жылдан кейін ыңғайлы бағаға шығамыз. Инфляция деңгейін де ескердік”, – деді Жамауов брифингте. Оның айтуынша, энергетика министрлігі сұйытылған газдың айналымын бақылауда ұстап отыр. Сол себепті бағаның күрт көтерілуіне жол берілмейді.